Биыл Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толады.
Атаулы датаға орай ардагер жауынгерлер мен офицерлерге және жақындарын жоғалтқан отбасыларға 250 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
— Интернационал жауынгерлерге жыл сайын бөлініп келген 150 мың теңгелік жәрдемақыға биыл қосымша 100 мың теңге қосылады. Бұл — 35 жылдық мерейтойға орай берілетін бір реттік төлемақы, -деп хабарлады Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.
1979-1989 жылдардағы ауған соғысына кеңес әскері қатарында қазақ елінен 22 мың жауынгер қатысқан.
Қазақстанда көзі тірі 16 мыңға жуық интернационал жауынгер тұрып жатыр.