Павлодарда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Валерий Бугаев

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыс әкімінің өкімімен Әділ Исин Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әділ Болатұлы 1992 жылы туған. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», сондай-ақ «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2015 жылы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында жетекші маман қызметінен бастады. 2016 жылдан 2018 жылға дейін осы инспекцияда бас маман болып қызмет атқарды.

2018-2020 жылдар аралығында Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, кәсіпкерлікті дамыту секторының меңгерушісі лауазымдарында еңбек етті.

2020-2024 жылдары Ертіс ауданы мен Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімдерін басқарды.

2024 жылдың басынан осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды.