Павлодарда ауыл тұрғыны жолда босанып қалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Анасы мен жаңа туған қыз баланың жағдайы тұрақты. Олар облыс орталығындағы перзентханаға тапсырылды.

Фото: Артем Викторов/Kazinform

Павлодарлық 103 бригадасы реанимобильде жүкті әйелді босандырып алды.

— 103 пультіне шақыру Аққулы ауданы Ямышев ауылынан келіп түсті. 31 жастағы жүкті әйелдің босануға жақын екендігі туралы хабарланды. Жедел жәрдем арада 10 минут өткенде мекенжайға барып, әйелді реанимобильмен облыс орталығына әкетті. Алайда жолда келе жатқанда медицина қызметкерлері жүкті әйелді босандырып алуға мәжбүр болды. Салмағы 3 килограмнан асатын және бойы 53 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді. Баланы орап, жылытып, жылу тізбегін сақтап қалды. Анасы мен жаңа туған нәресте перзентхана мамандарына берілді, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында медициналық мекемеден тыс жерде 25 әйел босанған. Өткен жылдың алғашқы 10 айында мұндай жағдай тіркелген. Ааймықтық жедел жәрдем стансасында медициналық қызметкерлерді неонатологияның ерекшеліктеріне үйретуге көп көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары неонатологиялық көмек көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 103 қызметінің барлық фельдшерлері мен дәрігерлері өткен.

Еске сала кетейік, Павлодарда аналардың үй жағдайында босануы белең алып барады.