Павлодарда аулада жүрген кішкене қыздың аяғын көлік басып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Төрт жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

12 мамыр күні кешке Ломов көшесіндегі 179а-үйдің ауласында Nissan Primera жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жедел жәрдемді пәтерге шақырды. Аулада көлік төрт жасар баланың аяғын басып кеткен. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген қыздың табаны жарақатанған. Жағдайы ауыр емес», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші сау болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Денсаулыққа орташа зиян келтірген жол ережесін бұзушыны 100 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмысы, 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс немесе 40 күнге дейін қамау күтіп тұр.