«Мұнда өрт шатырдың астынан шыққан. Жылытқыш жанып жатыр. Біздің өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жанындағы ғимараттарды шарпымауы үшін бөлініп әрекет етуде», - деді Павлодар облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы Ойрат Исинов.
Өртті ТТД-ның 20 қызметкері мен жеті техника сөндіруде. Белгілі болғандай, бөлек тұрған шаруашылық құрылымдар жанып жатыр. Өрт сөндірушілер отқа оранған ғимараттан аман қалған мүліктерді шығарып үлгерген.
«Қаладағы бес өрт сөндіру бөлімдерінің күші мен құрылымы тартылды. Қазір Павлодар облысында қатты аяз. Бұл өртті сөндіруге кедергі болуда», - деп түсіндірді О. Исинов.