«20 қараша күні 17:15-те Мир көшесіндегі 12-ғимараттың қарсы алдында «Лада-Ларгус» автомашинасының 59 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткел арқылы жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмған», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Машина айып алаңына қойылды.
«Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші Павлодар қаласының полиция басқармасының изоляторында», - деді полиция қызметкерлері.