Павлодарда «Бақытты отбасы» бойынша құжаттарды қабылдау басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бұл бағдарламаның көмегімен көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын төлеген жағдайда 20 жылға дейін кредит беру мерзімімен жылдық 2% ставка бойынша қарыз ала алады, деп хабарлайды pavlodarnews.

Құжаттарды 22-31 шілде аралығында Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойыншаOpen Pavlodar кеңсесінде №13 үстелде қабылдайды.

Қалалық ТКШ бөлімі тұрғын үйді бөлу секторының меңгерушісі АқеркеЕламанованың айтуынша, бүгін таңертеңнен бастап Павлодардан 50 отбасыныңқұжаттары қабылданды. Спикербағдарламаға көпбалалы немесе толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулібалаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады деп түсіндірді.

Бұл ретте олар жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үйалуға кезекте тұруы тиіс, ал отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 42500-ден аспауы тиіс. Дегенмен,өтініш беруші төлеуге қабілетті болуы тиіс: яғни, жұмысы болуы керек. Егер деанасы бала күтімімен демалыста болса, бағдарламаға әкесі қатыса алады.

Тағы бір айта кетерлік жайт - отбасында өтелмеген несие болмауыкерек. Егер ондай болса, онда өтініш беруші олардыөтей алады, мысалы, бүгін, ал ертең бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады.

«Өтінімдерді қабылдау лимиті жоқ. Біз барлыққұжаттарды 31 шілдеге дейін қабылдаймыз. Тұрғын үй алу кезегінде 4 мың толықемес отбасы, 135 мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, 411 көп балалыотбасы тұр. Егер олардың барлығы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысқысыкелсе, біз барлық құжаттарды қабылдаймыз. Алдымен құжаттарды 31 шілдеге дейінқабылдайтын боламыз, кейінірек оларды тұрғын үй құрылыс жинақ банкінетапсырамыз. Бағдарлама үш жылға есептелген және биылғы жылы тапсырыстарынмақұлдамағандар келесі жылы бағын сынап көре алады», - деп атап өтті Ақерке Еламанова.

Тұрғын үйді бөлу секторының меңгерушісі атап өткендей, төрт және одан дакөп кәмелетке толмаған балалар мен жоғары оқу орындарында немесе колледждердеоқитын 23 жасқа дейінгі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар көп балалы болыпесептеледі. Бағдарламаға қатысушы 10млн теңгеге дейін тұрғын үй сатып алуға қарыз ала алады.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтан немесе жеке үй сатып алуғаболады. Өтініш беру үшін өзімен бірге өтініш, жекекуәлік, неке қию немесе бұзу туралы куәлік немесе жұбайының қайтыс болуы туралыкуәлік, балалардың туу туралы куәлігі, өтініш беруші мен онымен бірге тұрақтытұратын отбасы мүшелерін тіркеу туралы мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктуралы анықтама, мемлекеттік жәрдемақылар мен алименттер есебінсіз соңғы жартыжыл ішіндегі табысы туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің санатынрастайтын құжат болуы қажет. Бұл құжаттардың көшірмелері ғана қабылданады.