Павлодарда балалар ауылы салынып жатыр

None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізген кеңесте қала маңындағы Кенжекөл ауылында салынып жатқан отбасылық типтегі балалар ауылының құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылыстарының ауданына инженерлік коммуникациялар тарту мәселелері талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр, 70 орындық балалар мекемесі қараша айында дайын болады», - деп баян етті құрылыс басқармасының бастығы Рүстем Баширов пен мердігер компания -«Қазқұрылысимпульс» ЖШС-нің директоры Анатолий Винерцев. Балалар ауылындағы құрылыс барысын егжей-тегжейлі қарап шыққан аймақ басшысы, жұмысты жеделдетіп, нысанды қыркүйектің 1-іне пайдалануға беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.