деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Бұл қуанышты оқиғамен облыс әкімі Ерлан Арын құттықтап, өз сыйлығын - боксшыларға арналған киімдерді табыстады, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитов та олардың спортта жетістіктерге жетуіне тілегін білдірді.
Бірінші шағынауданның жасөспірімдерінде бүгінде таңдау үлкен - клубта бокс және үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, хоккей секциялары ашылды.
«5-29 жас аралығындағы азаматтар үшін барлық үйірмелер тегін, оларды аймақтағы танымал жаттықтырушылар жүргізеді. Көктемде абаттандырумен, шағын футбол алаңын, волейбол, баскетбол және хоккейге арналған алаңдарды құруға кірісеміз», - деп атап өтті «Балалар мен жасөспірімдер спортының орталығы» МКҚК-ның басшысы Еркін Мәкішев.