Іс материалына сүйенсек, арызданушы 2009 жылы 29-қыркүйекте үйінде босанып, дүниеге сәби әкелген. Алайда дәрігерлер баланың туу туралы куәлігі болмауына байланысты медициналық көмек көрсетуден бас тартқан. Баласының туу туралы анықтамасы жоқтығы салдарынан азаматтардың актілерін тіркеу жағдайы органдары туу туралы куәлік беруден бас тартқан. Нәтижесінде ол шынымен де биологиялық анасы екенін дәлелдеу үшін генетикалық сараптама жасатып, сот арқылы кәмелетке толмаған баланың дүниеге келу фактісі расталған.
«Енді ресми түрде тегі мен аты-жөні, туған айы, күні, жылы жазылған куәлігі бар бала өз құқықтарын пайдалана алады», - дейді баспасөз қызметінде.
03:20, 11 Сәуір 2017
Павлодарда баланың туу туралы куәлігі сегіз жылдан кейін берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық сотында қала тұрғынының өтініші бойынша баласының дүниеге келуін растау туралы іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .