Павлодарда балкон арқылы үйіне кірмек болған ер адам ажал құшты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ер адам биік үйден құлап, мерт болды. Бұл туралы куәгерлер Instagram-дағы @tipavlo парақшасында жазды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД мәлімдеуінше, бүгін сағат 15:00 шамасында Майра көшесі 49 үй мекенжайында 10-қабаттан құлаған 32 жастағы ер адамның денесі табылған.

«Жедел жәрдем оқиға орынына келіп биологиялық өлімді анықтаған. Ер адам өте ауыр жарақат салдарынан көз жұмған», - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Куәгерлердің айтуынша, көз жұмған адам шатырдан балкон арқылы үйіне кірмек болған.