Павлодарда барлық қоқыс таситын көліктерде GPS-навигация орнатылған
Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарының көшпелі жиынында «Спецмашин» ЖШС директорының орынбасары Ринат Ихиенов мәлім етті.
- GPS-навигация автокөліктің қаланың қай нүктесінде жүргенін, қанша жүргенін, қай жерде неше минут тұрғанын, маршруттан ауытқуын секундына дейін көрсетіп отырады. Ал, жанармай деңгейін қадағалайтын құрылғылар бензин багынан қанша жанармай құйылғанын, қаншасын қолданғанын көрсетіп береді. GPS құрылғысын төртінші жыл пайдаланып келеміз, жанармай деңгейін анықтайтын арнайы құрылғы екі жыл бұрын орнатылды, - деді Ринат Ихиенов.
Айта кетерлігі, «Спецмашин» ЖШС қызметкерлері таңғы 6.00-ден бастап екі ауысымда жұмыс істейді. 300-ден аса адам еңбектенетін серіктестікте 70 қоқыс таситын көлік, 20 жүк түсіретін көлік, 10 трактор бар. Соңғы рет бес МАЗ маркалы көліктері осыдан үш жыл бұрын сатып алынған. Бір МАЗ бағасы - 55 мың доллар.