- Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері қауіпсіздік белдігін елемеген 7,5 мыңға жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Мысалы, полиция қызметкерлері Лермонтов көшесінде патрульдеу кезінде "Тойота" маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Статистикалық деректер қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жол оқиғаларының 70%-ында жарақаттанудан сақтайтынын көрсетіп отыр.
Еске сала кетейік, Павлодарда жылқымен соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмғанын жазған едік.