Павлодарда бильярдтан ХХХ республикалық чемпионат өтуде

None
ПАВЛОДАР. Наурыздың  3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сейсенбі, наурыздың 2-сі күні   Павлодарда  басталған  бильярдтан  ХХХ  республикалық чемпионатқа   100-ден  астам    шеберлер     жиналып  отыр.

  Олардың қатарында  әлем чемпионы Ернар  Шыныбаев та  бар. 

 «Жарысқа қатысушылар   төрт жеңіске  дейін   ойнайтын болады.    Үздік  шыққан  16 спортшы   финалға  жолдаманы  сарапқа салады, жеңілгендері  шығып қалып отырады»,- дейді     Бильярд  спортынан Қазақстан Республикасының    бас төрешісі Роман  Бұзырқожаев.  

 Жасыл шұға   үстіндегі шешуші  кездесу    наурыздың 5-і күні  өтеді  -   жеңімпазды    чемпионат кубогы,   алтын  медаль және  диплом күтіп тұр.    Чемпионат аясында сондай-ақ    Қазақстан Республикасының  Бильярд  федерациясының     Павлодар  филиалының    тұсаукесер рәсімі  болады.