Павлодарда бір күнде бірнеше жол-көлік оқиғасы болды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бір тәулік ішінде Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен алты адам жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бірінші жол-көлік оқиғасы Жетекші ауылы маңындағы тас жолда сағат 8:15-те болған. Оқиға орнынан 49, 33 және 27 жасар ер адамдар ауруханаға жеткізіліп, зардап шегушілерде бас сүйек-ми зақымы, кеуде соғылуы мен ми шайқалуы анықталған. ЖКО орнына апаттық медицинасы орталығының бригадасы барды. Екінші оқиға Үлкен айналма жол мен Суворов көшелерінің қиылысында 9:18-де тіркелді. Бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу мен бас терісінің зақымы диагнозымен 68 жасар ер адам ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

 Баспасөз хатшысы жеткізгендей, қала көшелерінде кешкі уақытта тағы екі көлік апаты орын алды. Соның бірі бірінші қалалық аурухана маңында 18:07-де болды. Салдарынан әртүрлі жарақаттармен 76 жасар әже ауруханаға түсті.

Әлеуметтік желілерге апат туралы фотосуреттерді жүктеген оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, зардап шеккен әжені жолдан жаяу жүргіншілер сызығымен өтіп бара жатқан. Тағы бір жол-көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы мен Толстой көшелерінің қиылысында болды. Салдарынан басына түскен жарақаттармен 30 жасар келіншек ауруханаға жеткізілді.