Павлодарда бизнесменді суды қорғау аумағында салған заңсыз құрылысын бұзуға міндеттеді
16:24, 28 Шілде 2015
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Яхт-Клуб» нысанындағы «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» жеке кәсіпкердің ҚР заңнамасында белгіленген тәртіптегі жобалардан тыс «Яхт-клуб» нысанының күзет ғимаратын, аула дәретханасын, бақылау күркесін суды қорғау аймағында салғанын анықтады.
Бұл ҚР Су кодексін бұзушылық болып табылады. Павлодар мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, істі қарау барысында азамат ӘҚтК 360-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлі бұза отырып, мемлекет пайдасына 45 АЕК айыппұл төлейтін болды.