Олардың жұмысын жүйелендіру үшін жедел әрекет ету орталығы құрылған. Тәртіп сақшылары қалаға кіріп-шығатындарды түгел тексеріп, содан кейін ғана өткізеді.
Мәселен сондай бір тексеру кезінде Кенжекөл ауылы маңындағы блокпоста тоқтатылған көлік ішінен қару табылды. Жедел тергеу тобы оны тәркілеп, тексеріс басталды.
«Өңірде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Павлодар қаласы аумағында блокпостар қойылды. Біз қазір қалаға кіріп жатқан бүкіл көлікті тексеріп жатырмыз. Ондағы мақсат – қару-жарақ, есірткі сынды қауіпті заттарды тасымалдап жатқан адамдарды анықтау», - дейді қалалық патруль полициясының инспекторы Қазбек Сыздықов.