Павлодарда бокстан VII халықаралық турнир өтіп жатыр

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген бапкері, ПМУ профессоры Рафаэль Уахитовтың құрметіне арналған бокстан VII халықаралық турнир өтуде.

AIBA ережесі бойынша өтіп жатқан дәстүрлі турнирге сегіз мемлекет қатысуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Олардың қатарында Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Қазақстан бар. Он салмақ дәрежесі бойынша 66 спортшы сынға түскен жарыста 13 павлодарлық жартылай мәреге жолдама алды. «Автомобилист» спорт кешенінде өтіп жатқан турнирдің жартылай мәресі ертең сағат 16:00-де басталады.

Рафаэль Гайсич Уахитов - павлодарлық және отандық спорттың нағыз майталманы. Ол Павлодар өңірінде Халықаралық дәрежедегі үш спорт шеберін, 18 Қазақстан чемпионын, КСРО және КСРО Кубогы мен халықаралық турнирлердің 15 жеңімпазы мен жүлдегерін, 30 спорт шеберін дайындап шығарған. 87 жастағы жаттықтырушының бапкерлік еңбек өтілімі 60 жыл. Қазіргі күннің өзінде де ол шаршы алаңның жаңа жұлдыздарын жаттықтыруда. Фото: Владимир Бугаев