Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап кетті
12:57, 19 Сәуір 2024
ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.
Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше кешкілік болған.
«Облыстық жедел жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.