Павлодарда браконьерлер сүйрік аулап жатқан жерінен қолға түсті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында барконьерлер бекіре тұқымдас балық аулап жатқан жерінен қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы 20тамызда сағат таңғы 5.40-та Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлардүниесі аумақтық инспекциясының мамандары рейд жұмыстары барысында Павлодарқаласының вокзал маңындағы көлде қала тұрғынын құрықтады. Оқиға орнынан аулауғатыйым салынған бекіре тұқымдас сүйрік балығы табылды. Заңсыз алынған сүйрікбалығының жалпы салмағы 6,66 келіні құрады. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшіноқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. 2019 жылдың басынан Инспекцияқызметкерлері бекіре тұқымдас сүйрік балығын заңсыз алудың үш фактісінтіркеді», - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша,браконьерлердің бұл заңсыз әрекетінен табиғатқа 1 681 650 теңге шығын келген.Сүйрік балығы бекіре тұқымдасына жататындықтан, ауланған әр келі үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлтағайындалған. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 335 бабымен ісқозғалды.