Павлодарда бүгін Мемлекеттік рәміздер күні өтеді

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық мәдениет сарайының алдындағы алаңда жастардың патриоттық акциясы басталады, көркемөнерпаз ұжымдары өнер көрсетеді. Ал «Космос» жастар үйінде облыс орталығының оқушылары Қазақстан Республикасының Жалауына, Әнұраны мен Елтаңбасына арналған «Гүлдене бер, менің елім!» атты мерекелік шараға жиналады. Орталық мәдениет және демалыс саябағы қала тұрғындарына «Менің жалауым, менің елтаңбам, менің әнұраным» викторина-бағдарламасын әзірлеп отыр. Осы жерде «Мен Отанымның жас патриотымын» деген тақырыпта асфальтқа сурет салудан балалар конкурсы өтеді.