Әр балабақшаның өз мақтанышы бар - Екібастұздағы №23 балабақшаның өз қазақ аспаптар оркестрі бар. Кішкентай домбырашылар өз өнерлеріне көрермендерді тәнті етті.
Ал баянауылдық балдырғандар қазақ билерін орындаумен танымал, хореография өнерінде олардан Ақтоғай және Шарбақты ауданының балалары қалыспайды. Павлодарлық жас әртістер көрерменді орындаушылық өнерлерімен баурап алды.