«Ай сайын 20 мың теңге төлеп тұрамыз. Мемлекеттен үй алу кезегім -1964, баяу жылжып келеді. Ауыр жұмысқа денсаулығым жарамайды», - дейді Қуанышбек Асылбеков. 58 жастағы азамат үшінші топтағы мүгедек болып табылады.
Айта кетейік, Чернобльге 1100 павлодарлық шақыртылған болатын. 2002 жылы өңірде 440 чернобльдік тұрған, қазір олардың саны 300-ге кеміді. Оның ішінде 163 мүгедек бар.