Күшті дауыл Кенжекөл кентіне оңтүстік жақтан келді, дейді жергілікті тұрғындар. Олардың айтуынша, біршама уақыт үш көшеде алай-дүлей дауыл тұрып, артынша жауын жауған. Қап-қара болып үйірілген жел Ертіс өзені арқылы батысқа қарай кетті. Жұрт ұйқыда жатқанда дауыл шатырды жұлып, қоршауларды құлатып кетті. Енді халық үйлерін қалпына келтіруде.
Апат келтірген шығын көлемін әкімдік және ТЖД комиссиясы бағалайды. Кенжекөл ауылының әкімі Асылхан Мәнкеевтің айтуынша, таңғы жетіден бастап әкімдік мамандары елді мекенді аралай бастаған.
«Дауыл жаңа шағын ауданды зақымдады, - деп хабарлады А. Мәнкеев. - Гулякин, Тауков, Шермұхамедов көшелерінде он-он бес шақты үй зардап шекті, тіпті 7-8 электр бағаны да құлады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ертең электр желілері қалпына келтіріледі».