Вакцинация «Манақбай», «Артур», «Квазар» және «Керуен» сауда үйлерінің аумағында жылжымалы медициналық кешендерде жүргізіледі. Кешендердің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Сонымен қатар, емханаларда Сovid-19-ға қарсы вакцинациялау кабинеттері ашылды. Олардың жұмыс тәртібі: сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін. «Вакцинаның екі түрі бар: қытайлық «Verо Cell» және ресейлік «Спутник V». Вакцина коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған. Вакцинация ерікті болып табылады және тегін жүргізіледі, - деді әкімдікте.
Ниет білдірушілерге тіркеу орнында тіркелудің қажеті жоқ. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.