Павлодарда «Денсаулық фестивалі - 2009» өтеді

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - «Әрқашан ширақ, сымбатты және шымыр бол!» деген ұранмен қыркүйектің 12-сінде Павлодардың Орталық жағалауында «Денсаулық фестивалі - 2009» ашылады.

Оның мақсаты - қалың бұқара халықты салауатты өмір салтына арналған қозғалысқа тарту.

Салтанатты ашылу рәсімінде роликтермен, скейтбордтармен, велосипедтермен және өздігінен сырғанау құралдарымен жаппай сырғанау іс-шарасы өтеді. Спортшылар мен өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді.

 Барлық стадиондарда және мектеп алаңдарында ұйымдастырылатын «Денсаулық шеңберлеріндегі» жүгірулерге жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.