Күдікті 1996 жылы туған, ол ғаламторда әлеуметтік желілер мен бағдарламалар арқылы «терроризм мен діни экстремизм идеясын насихаттаған, сондай-ақ, аталған мазмұндағы материалдарды сақтаған және таратқан», - деп хабарлады Павлодар облысының ІІД-і. Полиция тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот шешімімен күдікті тұтқындалды.
Өңірде бұған дейін де теріс діни ағым жақтаушылары ұсталған. 2016 жылдың аяғында Павлодар облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» діни-экстремистік партиясының құрылымдық ұйымы құрамында қылмыс жасаған Павлодар тұрғыны Р.Гинатуллинді ұстады, ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2017 жылы «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» заңсыз әрекеттеріне қатысқан Екібастұз тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.