Облыстық білім басқармасында оқушыға ескерту жасаған мектеп директорына қатысты қандай шара қолданылғаны белгілі болды,
«Осы жағдай болғаннан кейін мектеп директоры сөгіс алды. Оқушының ата-анасының оқу орнына қарсы шағымы жоқ. Қыздың жағдайы жақсы. Болған жағдайдан кейін барлығын түсінді, яғни мектепке сай киім кию керек екені туралы ой түйді», - деді ведомствода.
Еске сала кетейік, Facebooк әлеуметтік желісінде мектеп директорының футболка мен джинсы киіп келгені үшін оқушыға жұрттың алдында ескерту жасағаны туралы жазған болатын.