Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің ювеналды полиция аға инспекторы, подполковник Бибігүл Қамзина айтты.
Оның сөзінше, Солтүстік полиция бөліміне әйел адам хабарласып, екі және жеті жастағы екі баласы жоғалып кеткенін айтқан.
«Балаларды іздестіру үшін барлық жеке құрам жұмылдырылып, бөлімшелер мен бекеттерге хабар берілді», - деп хабарлады Бибігүл Қамзина.
Шағымданушының айтуынша, балалар әкесімен бірге дүкенге барған. Әкесі сауда жасап жатқан кезде балаларын жоғалтып алған. Көшеге шыққан сәтте таба алмаған соң жұбайына қоңырау шалған. Анасы дереу аулаға жүгірген.
Балаларды өздігінен іздеуден нәтиже болмаған соң ата-ана полициядан көмек сұраған.
Жолда жылап тұрған балаларды аға лейтенант Камила Мусина көріп қалған.
«Олардың жанынан өтіп бара жатқан бірде-бір адам балаларға не жағдай болғанын сұрамаған. Балалардың анасы енді қайтып оларды көре алмаймын ба деп қатты уайымдағанын айтты»,-делінген хабарламада.