Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күн ішінде қала жолдарында жергілікті полиция қызметкерлері 800-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтаған.
«Тіркелген бұзушылықтар ішінде 158-і - қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, 112-і - рөлде отырғанда ұялы телефон қолдану, 111-і - жылдамдықты асыру, 25-і жаяу жүргінші қозғалысында жол бермеу және екеуі қарсы жол қозғалысы жолағына шыққан», - деді баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер тарапынан 123 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. 15 жүргізуші мас күйде көлік құралын басқарған.
Жергілікті полиция қызметі барлық жол қозғалысы қатысушыларынан ереже бұзбай, өздерінің және басқа да адамдардың өміріне қауіп төндірмеуін сұрайды.