Іздеуді қайта жаңартуға туыстарының оны құлдықта болуы мүмкін деген болжамы себеп болды.
«Оны біреу құлдықта ұстап отыруы мүмкін. Әлішерді көгалды жерге алып кеткен. Ол жерде иттер көп, ол қаңғыбас сияқты жұмыс істеп жүр. Кешке лас күйінде темір кереуетке ұйықтауға жатады», - деген экстрасеанстың ақпаратына жүгінеді Молдажановтың туыстары.
Әлішер жоғалған күні ол Павлодарда Усолка өзеніне серуендеп кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген, ол туралы естімеген, білмеген. Ол кезде Молдажанов 15 жаста болған.
Сонымен бірге бір жарым аптадан бері Ертіс ауданы Қызылжар ауылының хабар-ошарсыз кеткен 65 жастағы тұрғыны Юлия Бутолина да іздеуде.
«Юлияның қолында ешбір құжаты болған жоқ. Біраз ақшасы бар болатын. Әжейдің одан әрі тағдыры белгісіз», - деді әйелді іздеген еріктілер.
Әжейдің жақындарының бірі Юлия Бутолина Павлодарға 5 мамыр таңертең кеткенін айтты. Көлік жүргізушісі оны автовокзалға жеткізгенін хабарлады. Полиция іздеу ісін қозғады. Егде әйелдің анда-санда есін жоғалтатыны белгілі.
16:08, 16 Мамыр 2017
Павлодарда екі жыл бұрын жоғалған 17 жастағы жігіт қайта іздестірілуде
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда екі жыл бұрын жоғалған 17 жастағы Әлішер Молдажановты қайта іздеуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.