деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайтқа кірушілер одан сайлау округтерінің шекаралары көрсетілген қала картасын таба алады және мәслихаттағы өз депутаттарымен таныса алады. Әзірге барлық қалалық депутаттарда қабылдау жоқ - жаңадан ашылатын сайт халыққа «өз депутаттарына» сауал беруге және жедел жауап алуға мүмкіндік береді.
Сайлаушылар сондай-ақ, мәслихат жұмысы және халық қалаулылары қабылдаған шешімдер туралы ақпарат ала алады.
Сайтты қоғамшылар жасап отыр, дейді қалалық мәслихаттың депутаты, «Десента» қоғамдық қорының жетекшісі Сергей Гуляев. Оның басты міндеті - халық қалаулылары мен халықтың арасындағы байланысты нығайту. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сауалдар мен жауаптарға мониторинг жүргізгеннен кейін, сайлаушыларды толғандыратын тақырыптарды анықтайтын болады.