Павлодарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фотокөрмесі ашылды

None
ПАВЛОДАР. 21 қараша. ҚазАқпарат - Павлодарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фотокөрмесі ашылды.

«Фотосуреттерде Тәуелсіз Қазақстан мен оның көшбасшысының, аса көрнекті саясаткер және адам, Астананың негізін қалаушы - Елбасының жасампаз бейнесі көрсетілді», - деп атап өтті көрмені ашқан облыс әкімінің орынбасары Арын Орсариев.

Стендтерде тарихи оқиғалар және Мемлекет басшысының өмірбаянымен, елдегі және шетелдегі оқиғалармен байланысты деректер көрсетілді.  

Экспозициядағы 30 жұмыс Н.Назарбаевтың  Павлодарға сапарларының фотожылнамасын жасаған павлодарлық фотограф Александр Пархоменкоға тиесілі.

Жаңа фотоэкспозицияның бірінші келушілері шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның өкілдері, этнобірлестіктердің қатысушылары мен студенттер болды.