Шығармашылық конкурсқа арнаулы оқу орындарының студенттері мен кәсіби суретшілер қатысады. Батик, панно, ұлттық ойыншық, құрақ, моншақтан тоқылған бұйымдар, тоқыма бұйымдар және Астана мерекесіне арналған кәдесыйлар мен сыйлық түрлеріне негізделген сегіз аталым бойынша үш орынға жүлде тағайындалып отыр.
Үздік жұмыстарды анықтау барысында қазылар алқасы конкурс тақырыбының ашылуын, бұйымның эстетикалық деңгейі мен бірегейлігін, орындалу техникасын бағалайтын болады, деп хабарлады шараны ұйымдастырушы - мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан.