Қазақстанның бас қаласына жеңіл атлетика, жүгіру, шағын фубол және стритбол, қол күресі, кір спорты мен бел күресінің жеңімпаздары өзінің жеңістерін табыс етпек.
Балалар шығармашылық ұжымдары жас павлодарлықтарды мәдениет және демалыс орталық саябағына «Путешествие в столицу» бағдарламасына шақыруда. Қаланың орталық алаңында қала тұрғындары мен қонақтары елордадағы плэнер нәтижелері бойынша жергілікті суретшілердің және «Асқақ рухты, Астана!» сәндік-қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрмені тамашалай алады. «Әнім сенсің, Астана!» ән фестивалінің гала-концерті ұйымдастырылып, сахнада жергілікті әншілермен қатар, қазақстандық танымал әншілер де өз өнерлерін көрсетеді.
Халықтық серуен мерекелік отшашумен аяқталады.