Павлодарда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 549,8 млн теңге бөлінді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -1 қыркүйектен бастап бір мыңнан астам павлодарлық «Еңбек» бағдарламасы бойынша колледждерде оқи бастайды. Сонымен қатар, Павлодар облысында осы бағдарлама бойынша қысқа мерзімді курстарда оқуға 549,8 млн теңге, стипендияға тағы 150,3 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының бастығы Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, «Еңбек»бағдарламасының бірінші бағыты аясында 1 қыркүйектен бастап техникалық жәнекәсіптік білімі бар 1035 қызметкерді оқыту жоспарланған. - Бүгінгі таңдатехникалық және кәсіптік білімге оқытуды 2017 жылы қабылданған 191 адамаяқтады. Олардың 131-інемесе 68,6 пайызы жұмысқа орналастырылды, - деді Қайрат Нұрмағамбетов.

Облыс әкімі Болат Бақауов өз қарамағындағыларға осыадамдардың жұмыспен қамтылу пайызын бақылауды тапсырды. - Бізге қанша адамдытұрақты жұмыспен қамти алғанымыз, олардың қаншасы зейнетақы қорына жарнааударатыны және қанша адам уақытша жұмыс орындарында отырғандығы, қанша адамқұжатсыз бес мың теңгеге жұмыс істейтіні туралы нақты сараптама қажет. Біз жұмыстың сапасын бақылауымыз жәнекөлеңкелі экономикаға қарсы тұруымыз керек, - деді Болат Бақауов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының басшысы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарбойынша кәсіптік білімге 1349 адамды қысқа мерзімде оқыту жоспарланып,нәтижесінде 1361 адам бағытталғанын да атап өтті ол.

Айта кетейік, бұл статистика бойынша жақсы көрсеткішоблыс қалаларына тиесілі. Алайда, біз қалағандай жеткілікті адам оқымайтын немесе курстан кейінауыл тұрғындары жұмыс таба алмайтын аудандар бар. Спикердің айтуынша, қысқамерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру жоспары Ақулы ауданы мен Май ауданытарапынан орындалған жоқ. Сонымен қатар, басқарма басшысы қысқа мерзімдікурстардан өткен адамдардың жұмыспен қамтылу пайызы бойынша әзірге мақтанаалмады. - Биыл 680 адам оқуын аяқтады. Оның 122-сі жұмысқа орналастырылды.Бүгінде жұмыспен қамтылу 17,9 пайызды құрайды. Бұл оқу аяқталуынан 10 күн өтпегенінебайланысты. Ал жұмысқа орналасу үшін медициналық тексеруден өтуге байланыстыбелгілі бір процедура қажет. Ол 10 күнге дейін созылады. Жұмыс берушілер деберілген өтінішті бір күнде қарамайды, - деп түсіндірді Қайрат Нұрмағамбетов.

Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдыңшілдесінде республикалық бюджеттік комиссия 54 мың қазақстандықтың қысқамерзімді оқуына 7,9 млрд теңге және стипендия үшін 5,7 млрд теңге көлеміндеқосымша шығындарға қаржы бөлген. Оныңішінде Павлодар облысына оқытуға 549,8 миллион теңге және стипендияға 150,3миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға жыл соңына дейін 2300 адам оқытылуы қажет. -Біз олардың оқып жатқанын және мамандықтарын білеміз, - деді Болат Бақауов. –Сондықтан нәтижені 10 күн күтпеу үшін біз оларды жұмысқа орналастырудыжоспарлай аламыз. Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі міндет. Бұладамдардың тағдыры. Сондықтан ешқандай қауіп болмауы керек.