Павлодарда ер адам биіктен құлап, мерт болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында көпқабатты ғимараттан құлаған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев даңғылы, 89/2 мекенжайындағы көпқабатты ғимарат жанында жатқан белгісіз ер адамды қала тұрғындары көріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған.

«Шақырту сағат 14.47-де түсті. Шақыртуға жеделділіктің бірінші санаты берілді. Жедел жәрдем алты минутта жетті. Оқиға орнында медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын белгіледі», - деп мәлім етті облыстық жедел жәрдем станциясынан.

Медицина мамандарының дерегіне сүйенсек, ер адам шамамен 30 жаста болған. Өлім себебі – биіктен құлау.