«Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері маршруттық таксиге оқ атқан күдіктіні қолға түсірді. Ер адам бұзақылық жасамақ болып, пәтердің терезесінен маршруттық таксиге оқ атқан», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінде.
Пневматикалық қару тәркіленді. Тергеу жалғасуда.«Полицияға таңғы 08:40 шамасында Малайсары батыр көшесінде белгісіз біреу бұзақылық жасамақ болып, пневматикалық қарудан маршруттық таксиге оқ атқаны туралы хабар келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті департамент.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.