«Кеше сағат 16:49-да станцияға шақыру түсті», - деді Алмас Мекішев. - 16:52-де бригада оқиға орнында болды. Көз жұмған - ер адам. Өте биіктен құлаған. Барлық сүйектері сынғандықтан оқиға орнында жан тапсырды».
Алмас Мекішевтің айтуынша, ер адамның кім екені, нешінші қабаттан құлағаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тиісті органдармен анықталуда.
Фото: pavlodarnews.kz