Павлодарда ер адамды КамАЗ басып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда астына жатып жөндеп жатқан ер адамды КамАЗ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Павлодарда 30 шілде күні 15:20-да Торговая көшесініңбойындағы ЖШС-тердің бірінің аумағынан 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол– облыс орталығының тұрғыны. Анықталуынша, ер адам КамАЗ-ды жөндеп жатқан кездедомкрат сынып кеткен. Факт тіркелді. Сараптамалар белгіленді», - делінгеноблыстық Полиция департаментінің мәлімдемесінде.