Павлодарда ескерткіштерге QR-кодтар орнатылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сканерлеу кезіндегі жылдам әрекет ету коды (немесе QR-код) бар алғашқы тақтайша Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ғимаратында пайда болды. Аталмыш код арқылы нысан жайлы үш тілде ақпарат алуға болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында QR-кодтарды енгізу жобасын Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жүзеге асырды. Мәдениет саласының қызметкерлері тарихи және архитектуралық нысандар жайлы ақпараттарды облыс тұрғындарына осылайша қол жетімді етпек.
 

«Барлығы өте оңай: болашақта әр ескерткішке жылдам әсер ету кодтары бар осындай тақтайшалар орнатылады», - дейді басқарма басшысы Ардақ Райымбеков.

«Смартфондардағы арнайы қосымша арқылы кез келген өңір тұрғыны өзіне қажетті мағлұматты ала алады. Ақпарат латын қаріпінде үш тілде ұсынылады. Бұл жоба арқылы павлодарлықтар өздерінің өңірінің тарихымен жақынырақ танысады деген сенімдемін»
 

Алдыңғы кезекте арнайы тақтайшаларды тарихи және архитектуралық маңызы бар 45 ғимаратқа орналастырады. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы QR-кодтары бар шағын тақтайшалар барлық ескеркіштерге қойылады.

Айта кетейік, Павлодар облысында 283 ескерткіш тіркелген.