Павлодарда героин тасымалдаушы 17 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облыстық соты есірткі тасымалдаушы Ресей азаматын, Тәжікстанның бұрынғы тұрғынын дүние-мүлкін тәркілеп,

17 жылға  қатаң  режимдегі  түрмеге кесті.

Мамыр  айында  «Қосақ»  кеден  бекетінде    әлгі азаматтың   көлігінің  қос  қапталынан   салмағы  3 959 грамды  құрайтын героин  салынған  41 түйіншек    табылған  болатын.     Есірткі   заты    иісшіл иттің  көмегімен  табылып еді.

Судья Бердігүл  Тиштыбаева атап көрсеткендей, үкімді  шығарарда   қылмыстың  ауырлығы ескерілді.