Павлодарда халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше басталған «Павлодар-OPEN-2010» шахмат турниріне 80 гроссмейстер қатысуда.

Шараны Республикалық шахмат қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған елімізің шахматшыларымен бірге, көрші Ресейдің бірнеше қалаларының құрамалары келіп қатысып жатыр. Олар әр түрлі жас айырмашылықтар бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Турнир 9 желтоқсанға дейін жалғасады.