Павлодарда иіс тиіп уланған үш адам ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда үш адам иіс тиіп уланған.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше,  Омская, 16 көшесінде жеке секторда орналасқан үйде иіс тиіп уланған 20 және 29 жастағы екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұдан басқа, Павлов көшесі, 30 мекенжайы бойынша екі бөлмелі үйден өрт шыққан. Оқиға орнынан «Орта дәрежеде иіс тиіп уланған» деген диагнозбен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген 80 жастағы пәтер иесіне медициналық көмек көрсетілді. Бірінші жағдайда тілсіз жаудың орын алуына пештен ақау шығуы себеп болса, көп қабатты үйде электр пешінің тұйықталуы  салдарынан өрт  болған. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.