Соғыс ардагерлері кездескендеріне қуанышты екендіктерін айтып, сый-құрмет көрсеткен жылы қатынастарына алғыс сезімдерін білдірді.
Ұлы Отан соғысының жесірлері де назардан тыс қалмады, олар облыста небары алтау ғана. Олар күйеулерінің қызметтестерін қуана қарсы алды.
Барлық ардагерлер мен жесірлерге жемістер мен тәттілер салынған себет табыс етілді.