Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған. Фермерлік базарда сауда орнын жалға алған ер адам өзін-өзі өртеуге тырысқаны анықталды.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл әрекетке сауда орнының жалдау ақысына байланысты мәселелер себеп болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында нысан әкімшілігімен бірлесіп дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ер адаммен құқық қорғау органдарының қызметкерлері әңгімелесті. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Еске сала кетейік, Павлодарда тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел жан тапсырды.