Павлодарда қаланың ақсақал суретшілерінің бірі Борис Краснянскийдің көрмесі ашылуда

ПАВЛОДАР. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық көркемсурет мұражайында фотограф Борис Краснянскийдің көрмесі ашылады. Ақ-қара түсті 90 фотосуреттен құралған экспозиция - 80 жастағы автордың шығармашылық есебі.

Борис Захарович Краснянский - павлодарлық «Орион» клубының 1975 жылдан келе жатқан қатысушысы, «Сүйікті Отаным менің» Бүкілодақтық байқауының дипломанты, франциялық «Қара бұрқақ» фотографиялық қауымдастығының құрметті мүшесі, Ресей фотосуретшілері Одағының мүшесі.

Б.Краснянский мамандығы бойынша гидротехник, Павлодардағы жобалық институтта жұмыс істеді, облыстық су шаруашылығында Чернояр суарылатын жүйені өндеумен айналысты. Фотография өнеріне бала кезінен әуес болған ол фототаспасын әрқашан бірге алып жүрді.

Борис Захаровичтің мұрағатында оның фотокамерасымен түсірілген ескі Павлодардың, 60-70 жылдардағы жаңа салынған ғимараттардың, қазіргі қала мен өмірдің көптеген әдемі сәттері бейнеленген суреттер бар.