Павлодарда «КамАЗ»-бен соқтығысқан жеңіл автокөліктің жолаушылары зардап шекті

None
АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат - Кеше, Павлодар қаласының маңында «КамАЗ» жүк көлігі мен «Шкода» көліктерінің соқтығысуы болды. Нәтижесінде жеңіл машинаның 4 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апат 15 сағат 10 минутта Павлодар-Қалқаман автожолының 15-ші шақырымында болды. Құрбан болғандар жоқ.