Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.
Азамат К. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады. Жәбірленуші тарап жыныстық қатынас ерікті түрде болғанын түсіндіріп және К. қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағандықтан бас бостандығынан айырмауды сұрады.
- Жігіттің кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен дәлелденді.
Қылмыс ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны да көздейді. Қылмыс жасаудың мән-жайын және қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағанын ескере отырып, К.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Себебі Қылмыстық кодекстің 81-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды, - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
Ер азамат екі жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, есірткі қылмысы үшін 28 павлодарлық ұзақ жылға сотталды.