Павлодарда «Қанатты әйел-3» жәрмеңкесі ашылды

Фото: None
ПАВЛОДАР. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Жұма күні Павлодарда ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мен аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев әйелдердің қолынан шыққан бұйымдардың республикалық «Қанатты әйел-3» жәрмеңкесін ашты.

Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдір ісі мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның және Павлодар облыстық әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Еліміздің барлық өңірінен келген 200-ге тарта кәсіпкер келіншектер мен қолөнершілер өз жұмыстарын көрсетіп, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне гендерлік теңдіктің қазақстандық үлгісінің дамуы туралы айтып берді.

Екі күн бойы «Әйел және саясат», «Неке және отбасы», «Отбасы және денсаулық» тақырыптары бойынша 36 семинар, тренинг және шеберлік сыныптары ұйымдастырылатын болады.

Министр Г.Әбдіхалықова: «Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің 40 пайызы әйел адамдар, мәслихат құрамының 18 пайыз да әйелдер, үш әйел министр бар», - деп атап өтті.